ШҚО-дағы Селезнёвка бекеті «Ішімдіксіз ауыл» бастамасын қолдады

ШҚО-дағы Селезнёвка бекеті «Ішімдіксіз ауыл» бастамасын қолдады

ШҚО-дағы Селезнёвка бекеті «Ішімдіксіз ауыл» бастамасын қолдады

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы 74 тұрғыны бар және мектебі жоқ Селезнёвка бекетінде тұрғындар алкоголь өнімдерін сатудан және тұтынудан бас тарту туралы ұжымдық шешім қабылдады. Бұл бастаманы кәсіпкерлер де қолдады — сауда нүктелерінің иелері ауылдастарымен ынтымақтастық танытып, спирттік ішімдіктерді сатуды өз еркімен тоқтатты.

Тұрғындардың айтуынша, негізгі мақсат — қоғамдық тәртіпті нығайту, тұрмыстық жанжалдарды азайту және барлық ауыл тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру. Бүгіннің өзінде әлеуметтік жағдайдың жақсарғаны және құқық бұзушылықтар санының азайғаны байқалады.

Шығыс Қазақстан облысында «Ішімдіксіз ауыл» қозғалысын дамыту құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында жүзеге асырылуда. Егер 2025 жылы өңірде 21 осындай ауыл болса, 2026 жылы жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық кеңестердің бастамасымен және полиция бөліністерінің қолдауымен олардың саны 25-ке дейін артты.

Облыста қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі нығайту және тұрмыстық қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

ШҚО ДП баспасөз қызметі