Өскеменде бірнеше рет дүкеннен ұрлық жасаған күдіктілер бейнебақылау арқылы құрықталды

Өскеменде бірнеше рет дүкеннен ұрлық жасаған күдіктілер бейнебақылау арқылы құрықталды

Өскеменде бірнеше рет дүкеннен ұрлық жасаған күдіктілер бейнебақылау арқылы құрықталды

Өскемен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті супермаркеттен алкоголь өнімдерін ұрлаған екі фактіні анықтады.

Бірінші оқиға ағымдағы жылдың 11 ақпанында орын алған. Қаскөй сауда үйіне еркін кіріп, сөреден төрт бөтелке виски мен жеке гигиена құралдарын жасырын түрде ұрлап кеткен.
Келтірілген материалдық шығын көлемі 88 мың теңгеден асады.

Сондай-ақ, осыған ұқсас басқа да құқық бұзушылықтар тіркелген, оның бірі 2025 жылдың қараша айында жасалған. Сол супермаркеттен жалпы құны шамамен 120 000 теңге болатын алкогольдік ішімдіктер ұрланған.

Барлық қылмыс фактілері Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түскен жазбалардың көмегімен ашылды. Бұл күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды полиция бөліміне жеткізуге мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция тұрғындарды қырағы әрі жауапты болуға шақырады: дүкендерде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар және күдікті әрекеттерді байқасаңыз дереу 102 арнасына хабарлаңыздар.

 

ШҚО ДП баспасөз қызметі