
ШҚО ПД «Титан» командасы Спартакиадаға қызу дайындалуда
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің «Титан» хоккей командасы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өтетін Жетінші қысқы Спартакиадаға тыңғылықты дайындалуда.
Спартакиада – қызметкерлер арасындағы бірлік пен ұйымшылдықты нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптейтін беделді спорттық дода. Еліміздің әр өңірінен жиналатын командалар өзара мықтыны анықтап, шеберліктерін шыңдайды.
Қазіргі уақытта «Титан» командасының жаттығулары қарқынды өтуде. Спортшылар тактикалық әдіс-тәсілдерді пысықтап, физикалық дайындығын арттырып, командалық үйлесімділікті күшейтуде. Жігерлері жоғары, мақсаттары айқын.
Жетінші қысқы Спартакиада – бұл тек жарыс емес, намыс пен рух сыналар үлкен алаң.
ШҚО ДП баспасөз қызметі