
Қамқорлық пен қауіпсіздік: облыста «Тұрақты мекенжайы жоқ адам» ЖПІШ өтуде
25-27 ақпан аралығында облыс аумағында «Тұрақты мекенжайы жоқ адам» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Басты мақсат — белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтап, оларды одан әрі оңалту және әлеуметтік бейімдеу, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
ЖПІШ аясында полиция кешенді жұмыстар жүргізуде: азаматтардың жеке басын анықтайды, олардың жүрген жерлерін нақтылайды және мамандандырылған мекемелерге жіберуге көмек көрсетеді.
Іс-шараға түрлі бөліністердің 250-ден астам қызметкері жұмылдырылды, оның ішінде патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар мен көші-қон қызметі де бар.
Ауа температурасының –30 градустан төмендеуіне қарамастан, жұмыс күшейтілген режимде жүргізілуде. Алғашқы тәулікте қабылдау-бөлу орнына көмекке мұқтаж 5 ер адам жеткізілді.
Қысқы рейдтер — бұл, ең алдымен, адам өмірін сақтап қалу мәселесі. Қатты аяз кезінде біздің басты міндетіміз тек құқықтық тәртіпті бақылау ғана емес, сонымен қатар қиын жағдайға тап болған жандарды панасыз қалдырмай, олардың қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік беру.
ШҚО ДП баспасөз қызметі