ЖКБ-дегі бір күн: ШҚО студенттері криминалистикалық қызметпен танысты

ЖКБ-дегі бір күн: ШҚО студенттері криминалистикалық қызметпен танысты

ЖКБ-дегі бір күн: ШҚО студенттері криминалистикалық қызметпен танысты

ШҚО Полиция департаменті мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында, Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының орынбасары, полиция подполковнигі Виталий Кузнецов «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші курс студенттері үшін таныстырылым сабақ өткізді.

Кездесу барысында болашақ заңгерлер криминалистикалық бөлімшелердің жұмысымен танысты, дәлелдерді жинау және зерттеу ерекшеліктері туралы мәлімет алды, сондай-ақ «Папиллон» және «БИЛ» автоматтандырылған базалардың жұмысын көрді – бұл базалар қол іздерін тексеру және есепке алынған тұлғалардың дактилокарталарын сақтау үшін арналған криминалистикалық дактилоскопиялық есептер. Сондай-ақ, адамның фотосуреттері мен бейнелерін өңдеуге және тұлғаны анықтау мен сәйкестендіруге арналған «Образ++ 3.0» базасымен де танысты.

Экскурсия студенттерге қызметтің ішкі жұмысымен танысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, заманауи технологиялардың қылмыстарды ашуда және жазаның орындалуын қамтамасыз етуде қаншалықты маңызды рөл атқаратынын түсінуге көмектесті.

 

ШҚО ДП баспасөз қызметі