ШҚО-да бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші анықталды

ШҚО-да бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші анықталды

ШҚО-да бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші анықталды

Үлкен Нарын ауылындағы көшелердің бірінде патрульдеу барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «ВАЗ-2107» автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру кезінде медициналық куәландыру нәтижелері жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғанын көрсеткен.
Бұдан бөлек, бұл азаматтың бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны белгілі болған.

Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полицейлер жүргізушілерге масаң күйде көлік басқаруға жол берілмейтінін ескертеді және өзіңіз бен айналаңыздағыларға қауіп төндірмеу үшін жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұрайды.




ШҚО ДП баспасөз қызметі