
Оқыс оқиғаға бір қадам: Бекетті елемеудің соңы қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін еді
2026 жылғы 20 ақпанда сағат 19:30 шамасында «Өскемен – Алтай» тас жолында «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі ШҚО ПД Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, шектеу қойылған бекеттен тоқтамай өтіп кеткен.
Бұл учаскеде қозғалысты шектеу шешімі кездейсоқ қабылданған жоқ. Мұндай шаралар ауа райының нашарлауы, апат қаупінің артуы және адам өміріне қауіп төндіретін өзге де жағдайларда енгізіледі. Полиция талаптарын орындамау жүргізушінің өзіне ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өміріне үлкен қауіп төндіреді.
Аталған дерек бойынша тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 667-бабы «Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау»бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
ШҚО Полиция департаменті қойылған әрбір бекет пен шектеу — бұл жол-көлік оқиғаларын болдырмауға және адам өмірін аман сақтауға бағытталған сақтық шарасы екенін ескертеді.
Жолдағы қауіпсіздік — әр жүргізушінің жауапкершілігінен басталады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі