ШҚО-да полицей боранда қалған автобустың жүргізушісіне көмек көрсетті

ШҚО-да полицей боранда қалған автобустың жүргізушісіне көмек көрсетті

ШҚО-да полицей боранда қалған автобустың жүргізушісіне көмек көрсетті

Зайсан ауданында, Дайыр – Жамбыл бағытындағы ауданаралық жолда ПАЗ маркалы автобус қатты боран салдарынан сағат 09:00 шамасында қар құрсауында қалды.

Автобустың ішінде жүргізушімен бірге 3 адам болған.

Дайыр ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Тілек Ақанов жолда қалған автобусты байқап, дереу көмек көрсетуге кіріскен. Ол ауылдық округ әкімдігі қызметкерлерімен бірлесіп автобусты қар құрсауынан шығару жұмыстарын ұйымдастырды.

Сағат 10:30 шамасында автобус қауіпсіз жол бөліміне шығарылды. Жолаушыларға көлік ұйымдастырылып, олар жақын орналасқан елді мекенге таксимен жеткізілді. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті атап өткендей, қолайсыз ауа райы жағдайларында полицейлер қызметін күшейтілген режимде атқарып, азаматтарға көмек көрсетуге және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын.

Полицейлер тұрғындарды ауа райын ескеріп, жолға шыққанда сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі