Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі: Өскемендегі өткелдердің біріне «ақылды» камера орнатылды

Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі: Өскемендегі өткелдердің біріне «ақылды» камера орнатылды

Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі: Өскемендегі өткелдердің біріне «ақылды» камера орнатылды

Қаланың реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінің бірінде «Argus. Жаяу жүргіншілер өткелі» автоматтындырылған жүйесі орнатылды. Кешеннің басты міндеті — жүргізушілерді жаяу жүргіншілерге жол беруге дағдыландыру және қауіпті учаскедегі апаттылық деңгейін төмендету.

Жүйе қалай жұмыс істейді:
* Жүйе «зебрадағы» жаяу жүргіншіні автоматты түрде анықтайды және көліктердің қозғалыс траекториясын бақылайды.
* Егер жүргізуші жол бермесе, кешен заң бұзушылықты фото мен видеоға түсіріп алады.
* Мәліметтер айыппұл рәсімдеу үшін бірден серверге жіберіледі.

Қазіргі уақытта Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі (ӘҚББТ) ақпараттық жүйесінде кешенді сынақтан өткізу және реттеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық техникалық процедуралар аяқталғаннан кейін жүйе штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полициясы жүргізушілерге жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін және реттелмейтін өткелдерде жаяу жүргіншілерге міндетті түрде жол беру керектігін ескертеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі