
Сталкерлік енді — қылмыстық құқық бұзушылық!
2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстанда сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. (ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы)
Мазасыз назар аудару — бұл «романтика» емес, қылмыс. Үнемі аңду, мазаны алатын қоңыраулар немесе хабарламалар үшін енді бас бостандығынан айыру жазасы немесе қомақты айыппұл қарастырылған.
Егер біреу сіздің жеке шекараңызды жүйелі түрде бұзса — үнсіз қалмаңыз. Заң сіздің жағыңызда, сондықтан өзіңізді қорғауға толық құқығыңыз бар.
ШҚО ПД баспасөз қызметі