ШҚО-да полицейлер алаяқтарға 6 миллион теңге аудару әрекеттерінің жолын кесті

ШҚО-да полицейлер алаяқтарға 6 миллион теңге аудару әрекеттерінің жолын кесті

ШҚО-да полицейлер алаяқтарға 6 миллион теңге аудару әрекеттерінің жолын кесті

Өскеменде полиция қызметкерлері банкоматтар мен төлем терминалдарында кезекшілік ете отырып, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.

Соңғы уақытта алдаудың үш әрекетінің алды алынды.

Бірінші жағдайда, өздерін «СДЭК» компаниясының қызметкерлері ретінде таныстырғандар ер адамды 3 миллион теңге аударуға көндірмек болған. Полицейлер дер кезінде араласып, аударымды тоқтатқан.

Екінші эпизодта қарт әйел бейтаныс тұлғаға 35 мың теңге жібермек болған, алайда полицейлермен сөйлескеннен кейін операциядан бас тартқан.

Үшінші жағдай жалған инвестициялаумен байланысты: қарт кісіге пайда табу уәде етіліп, «куратор» тағайындалған. Ол 3 миллион теңге аудармақ болған, бірақ аударымның жолын полиция қызметкерлері алдын алды.

Профилактикалық жұмыс жалғасуда.

Полицейлер бейтаныс тұлғалардың ақша аудару туралы нұсқауларын орындамауды, «шұғыл» операциялар мен «кепілдендірілген пайда» туралы хабарламаларға сенбеу керектігін, ал күдік туындаған жағдайда 102 нөміріне хабарласу керектігін ескертеді.

Қырағылық — алаяқтардан қорғанудың ең жақсы жолы.

 

 

 ШҚО ПД баспасөз қызметі