
ШҚО-да студенттер мен сотталғандар арасында телемост өтті
Құқық бұзушылықтың алдын алу және жастар арасында заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ерекше кездесу өткізілді.
Іс-шараға ШҚО прокуратурасы, Қылмыстық - атқару жүйесі департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалының өкілдері қатысты.
Кездесудің басты мақсаты - жастарға сотталған азаматтардың өмірлік тәжірибесі негізінде құқықтық жауапкершілікті түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу мен заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру. Телемост форматында өткен іс-шараға 100-ден астам студент қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құкықтық сауаттылығын арттырды.
Кездесу барысында темір тордың ар жағында отырған тұлғалар өз өмір жолымен бөлісіп, қателіктері мен салдары және заң бұзушылықтың зардаптары жөнінде ашық сөз қозғады.
Мұндай кездесулер жастарға саналы таңдау жасауға және қоғам алдындағы жауапкершілікті түсінуге ықпал етеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі