ШҚО полицейлері көктайғақ салдарынан жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде

ШҚО полицейлері көктайғақ салдарынан жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде

ШҚО полицейлері көктайғақ салдарынан жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде

Облыс аумағында ауа райының күрт нашарлауына байланысты — желдің күшеюі, көктайғақтың пайда болуы және көріну қашықтығының төмендеуі салдарынан республикалық маңызы бар тасжолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, қолайсыз ауа райы жағдайында жолда қалған жол қозғалысына қатысушыларға көмек көрсетуде. Жүргізушілер мен жолаушыларға ыстық шай мен тамақ таратылуда.

Атап айтқанда, Өскемен – Алматы тасжолында 80-нен астам жүк көлігіне, ал Риддер – Өскемен және Өскемен – Алтай бағыттарында шамамен 135 автокөлікке қауіпсіз жүріп өту қамтамасыз етілді.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және мүмкіндігінше алыс жолдарға шықпауға шақырады.


ШҚО ПД баспасөз қызметі