
Кейде игі іс бір телефон қоңырауынан басталады
Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 92 жастағы аудан тұрғыны Зоя Макаровна хабарласып, көмек сұраған. Оның айтуынша, үйінің шатырына қалың қар жиналып, ауыр салмақтан опырылып кету қаупі туындаған.
Кезекші қызметкер өтінішті дереу қабылдап, көрсетілген мекенжайға полиция қызметкерлері жіберілді. Жағдайды бағалаған тәртіп сақшылары шатырдағы қарды тазалап, ықтимал қауіптің алдын алды. Сонымен қатар, үйге кіретін жол да қардвн тазаланып, кейуана үшін қауіпсіз қозғалу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
Зоя Макаровна полиция қызметкерлеріне жедел әрекеті, қамқорлығы мен бейжай қарамағаны үшін шынайы алғысын білдірді.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — тек құқық бұзушылықтардың алдын алу ғана емес, сонымен қатар тұрғындарға күнделікті тұрмыстық жағдайда да қолдау көрсету екенін атап өтті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі