Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақ кепілі

Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақ кепілі

Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақ кепілі

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен және Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рифхат Тауфиковтың қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, білім бөлімдерінің басшылары, мектеп пен колледж директорлары, сондай-ақ бейінді қызмет мамандары қатысты.

Кездесу барысында жасөспірімдер қылмысын азайту, қадағалаусыз қалудың алдын алу және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың өзекті мәселелері қаралды. Ведомствоаралық іс-қимылды нығайтуға, қауіп-қатер факторларын ерте анықтауға және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.

Полиция қызметкерлері заңға бағыну — жас ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Осыған байланысты жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және тәрбие процесіндегі ата-ананың рөлін арттыру қажеттігіне басымдық берілді.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2026 жылды «Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақ кепілі» жылы деп жариялағаны атап өтілді. Осы бастама аясында балалардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ұйымдастырушылық және алдын алу шараларының кешені іске асырылатын болады.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты органдар мен білім беру ұйымдарының басшыларына жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Бұл бағыттағы қызмет полиция органдарының тұрақты бақылауында.


ШҚО ПД баспасөз қызметі