Өскемен тұрғыны зейнеткерді алаяқтардан құтқарып, оның үш миллион теңгеден астам қаражатын сақтап қалды

Өскемен тұрғыны зейнеткерді алаяқтардан құтқарып, оның үш миллион теңгеден астам қаражатын сақтап қалды

Өскемен тұрғыны зейнеткерді алаяқтардан құтқарып, оның үш миллион теңгеден астам қаражатын сақтап қалды

Өтіп бара жатқан адамның бейжай қарамауы ірі алаяқтықтың жолын кесуге және 79 жастағы зейнеткердің жинаған қаражатын сақтауға көмектесті.

Оқиға қаланың сауда орталықтарының бірінде орын алды. «ҮМЗ» АҚ ТБК қызметкері Анара Добровольская жұмыстан қайтар жолында дүкенге кіріп, төлем терминалының жанында тұрған қарт әйелге назар аударады. Зейнеткер көзіне жас алып, қатты қобалжыған, ал оның жанында еденде ақша шашылып жатқан. Ол қолында қомақты соманы ұстап тұрып, сонымен бірге телефонмен сөйлесіп жатқан.

Анар Мұлянбековна қарт кісіден бәрі дұрыс па деп сұрайды. Белгілі болғандай, зейнеткер «немересіне» ірі мөлшерде ақша аударып жатқан екен. Сонымен қатар, ол телефонның арғы жағындағы адамның нұсқауларын мұқият тыңдап, сыртқы араласуға ешқандай жауап бермеген. Әжейдің әрекеті мен телефондағы әңгімесі үлкен күмән тудырған.

Сол сәтте Анара тұтқаны алып, бірнеше нақтылаушы сұрақтар қояды. Ер адам өзін Кирилл есімді немересімін деп таныстырғанымен, зейнеткер немересінің есімі Александр екенін айтқан. Бұл қайшылық желінің екінші жағында алаяқтар тұрғанын растаған.

Байланыс үзіліп қалғандай кейіп танытқан Анара қарияны терминалдан алыстатып, полиция шақыртқан. Кейінірек ол қаскөйлердің зейнеткерге психологиялық тұрғыдан қатты әсер еткені соншалық, полиция қызметкерлерін көргенде әжей алдымен үрейленгенін айтты – оған бұл әңгіме туралы ешкімге тіс жармау қатаң ескерілген екен.

Кейін зейнеткер полиция қызметкерлеріне қоңырау шалған адам өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырып, шоттағы қаражатты ұрлау әрекеті жасалғанын хабарлағанын айтып берген. Ол әжейді жинақтарын тез арада шешіп алып, «қауіпсіз шотқа» аударуға көндірген.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Анара Добровольскаяға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдірді. ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Болат Нұрсейітов азаматтардың қырағылығы мен бейжай қарамауы қылмыстың алдын алуға жиі септігін тигізетінін атап өтті.

Полиция алаяқтардың мемлекеттік орган қызметкері болып таныса отырып, психологиялық қысым көрсету схемаларын әлі де қолданып жүргенін еске салды.

ШҚО ПД азаматтарды сабыр сақтауға, кез келген ақпаратты қайта тексеруге және күмән туындаған жағдайда дереу 102 арнасына хабарласуға шақырады.



ШҚО ПД баспасөз қызметі