
Жүрекпен таңдалатын мамандық: Шемонаиханың 200-ден астам мектеп оқушысы полиция қызметімен танысты
Шемонаиха ауданында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мен 200-ден астам жоғары сынып оқушысын біріктірген Ашық есік күні өтті.
Іс-шара жастарға ішкі істер органдарының қызметімен жақынырақ танысып, бұл миссияның қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік берді.
Танысу арнайы техникалар көрмесінен басталды. Онда патрульдік автокөліктер мен мотоциклдер көрсетілді. Фойеде мектеп оқушылары қызметтік жабдықтарды киіп көріп, қару-жарақ үлгілері мен арнайы құралдарды зерттеп, олардың нақты жағдайларда қалай қолданылатынын білді.
Бағдарлама практикалық бөлімді де қамтыды:
* Арнайы даярлық қызметкерлерінен өзін-өзі қорғау бойынша шеберлік сабағы;
* Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық әңгімелер;
* ІІМ жоғары оқу орындарына түсу және мансаптық мүмкіндіктер туралы кеңестер берілді.
Қатысушылар үшін полиция офицерлерімен еркін форматтағы кездесу ерекше қызығушылық тудырды. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Дәурен Балықшинов қызмет туралы сұрақтарға жауап берсе, ІІМ академиясының түлектері — полиция майоры Шыңғыс Асаинов пен полиция капитаны Айдана Қалиева өздерінің жеке табысқа жету жолдарымен бөлісті. Олардың үлгісі мамандыққа апарар жолдың мектеп қабырғасынан басталатынын, ал саналы таңдау мен тәртіптің шешуші рөл атқаратынын дәлелдеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі