ШҚО полицейлері жоғалған қарт әйелді жедел түрде тапты

ШҚО полицейлері жоғалған қарт әйелді жедел түрде тапты

ШҚО полицейлері жоғалған қарт әйелді жедел түрде тапты

3 ақпан күні сағат 20:30 шамасында «102» арнасына Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің 84 жастағы тұрғынының жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

Туыстарының айтуынша, 3 ақпан күні сағат 14:30 шамасында әйел адам үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Анасының жоқтығына алаңдаған ұлы полицияға жүгінген. Кезекші инспекторлар ақпаратты дереу Ұлан аудандық полиция бөліміне жолдаған.

Жоғалған адамның жасын ескере отырып, полицейлер жедел іздестіру шараларына кірісті. Іздеу жұмыстарына Ұлан аудандық ПБ қызметкерлері жұмылдырылып, барлық кезекші қызметтер мен жасақтарға бағдарламалар жіберілді.

Үйлесімді іс-қимылдардың нәтижесінде шамамен екі сағаттан соң қарт әйел Өскемен қаласының аумағынан табылды.

Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, ол туыстарына аман-есен табысталды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жақындарыңыз, әсіресе қарт адамдар жоғалған жағдайда, дереу полицияға хабарласу іздеу жұмыстарын айтарлықтай тездететінін ескертеді.



ШҚО ПД баспасөз қызметі