Өскеменде полицейлер жасөспірімді қысқа мерзімде тауып, ата-анасына тапсырды

Өскеменде полицейлер жасөспірімді қысқа мерзімде тауып, ата-анасына тапсырды

Өскеменде полицейлер жасөспірімді қысқа мерзімде тауып, ата-анасына тапсырды

Сағат 17:00-де «102» арнасына қаланың 45 жастағы тұрғынынан 14 жасар қызының жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың жүрген жерін анықтау мақсатында жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды.

Жеке құрамның үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде, төрт сағаттан кейін бағдар бойынша жасөспірімді Өскемен қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері — қызмет аға инспекторы, полиция капитаны Эльдар Төкеков пен ППБ инспекторы, полиция аға лейтенанты Санат Әміренов тапты.

Тәртіп сақшылары жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіп, кейін оны заңды өкіліне тапсырды.

Полиция ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларының жүрген жерін қатаң бақылауда ұстаудың маңыздылығын ескертеді. Бала жоғалған жағдайда дереу полиция органдарына «102» нөмірі арқылы хабарласу қажет.


ШҚО ПД баспасөз қызметі