
Сталкинг — назар аудару емес, қауіп-қатер нышаны
Алдын алу — әрбір азаматтың міндеті.
Сталкинг — мазаны алатын хабарламалар мен қоңыраулардан, «кездейсоқ» кездесулерден басталып, соңы психологиялық қысым мен нақты қауіпке ұласуы мүмкін.
Адамның соңынан қалмай аңду, оны бақылауда ұстау және жеке өміріне қол сұғу — зорлық-зомбылықтың бір түрі екенін есте сақтаған жөн
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті мұндай мәселемен жалғыз қалмауға шақырады.
Егер сіз немесе жақындарыңыз қудалау әрекеттеріне тап болсаңыздар — үнсіз қалмаңыз, көмекке жүгініңіз.
Құқық бұзушылықтың алдын алу — мәселені терең түсінуден, уақтылы хабарлаудан және қоғам мен полицияның бірлескен жауапкершілігінен басталады.
Қауіпсіздік — әрбір адамның айнымас құқығы.
ШҚО ПД баспасөз қызметі