Диалог, профилактика, нәтиже: ШҚО ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші орган өткен жылды қорытындылады

Диалог, профилактика, нәтиже: ШҚО ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші орган өткен жылды қорытындылады

Диалог, профилактика, нәтиже: ШҚО ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші орган өткен жылды қорытындылады

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.
Жиын барысында 2025 жылғы қызмет қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

ШҚО ПД жанындағы ККО төрағасы Рахымбердин Қуат Хажумұханұлы баяндама жасады. Өз сөзінде ол Консультативтік-кеңесші органның полиция мен азаматтық қоғам институттары арасындағы сындарлы диалог үшін тиімді алаңға айналғанын, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамытуға практикалық үлес қосқанын атап өтті.

Отырыс аясында Консультативтік-кеңесші органның жаңартылған құрамы мен өңір тұрғындарының өзекті сұраныстары мен қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып әзірленген 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Арнайы назар Қазақстан Республикасы «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» жаңа Заңын іске асыру мәселелеріне аударылды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті оның кезең-кезеңімен енгізілуіне дайын екені, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес превентивтік шараларды күшейтуге және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталғаны атап өтілді.


ШҚО ПД баспасөз қызметі