
Ықтиярхат беруден бас тарту: қайта өтінімді қанша уақыттан кейін беруге болады?
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көші-қон қызметі шетелдік азаматқа Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат беруден бас тартуға құқылы. Бас тартудың ең жиі кездесетін себептері — көрінеу жалған мәліметтер ұсыну, сондай-ақ соңғы бір жыл ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуы.
Шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларының 22-тармағына сәйкес, тұруға ықтиярхат алуға қайта өтінім алғашқы өтініш бойынша бас тарту туралы шешім шыққан күннен бастап бір жыл өткен соң ғана берілуі мүмкін.
Қайта өтінім бермес бұрын келесі әрекеттерді орындау ұсынылады:
Сауатты дайындық және белгіленген мерзімдерді сақтау оң шешім алу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.
• құжаттардағы барлық сәйкессіздіктер мен қателерді түзету;
• әкімшілік жазаның қолданылу мерзімі аяқталғанша күту (егер бар болса);
• қайта жүгіну үшін жаңартылған және толық құжаттар пакетін мұқият дайындау.
ШҚО ПД баспасөз қызметі