
ШҚО полициясы қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуде
Бүгін Полиция департаментінде қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді күштердің жалпы гарнизондық жиыны өтті.
Полицияның басты міндеті өзгеріссіз қалады — азаматтардың өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу.
Осы мақсатта 8–10 қаңтар аралығында Республика аумағында жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алуға және қоғамдық орындарда тәртіпті сақтауға бағытталған «Жалған нөмірлер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Жиын барысында нарядтарды азаматтар көп шоғырланатын орындарға барынша жақындату, кафе мен ойын-сауық орындарына бақылауды күшейту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзу және тыйым салынған заттарды алып жүру фактілерін анықтауды жандандыру міндеттері қойылды.
Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне, оның ішінде олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне, сондай-ақ күрделі ауа райы жағдайларын ескере отырып, жол жағдайына ерекше назар аударылды.
Гарнизондық жиын ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руфат Қажымқановтың жетекшілігімен өтті. Ол қызметтің басты мақсаты — жазалау емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Жиын соңында жеке құрам қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметтеріне кірісті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі