
Мейірім мен жылулыққа толы жаңа жылдық кездесу
Жаңа жыл мерекелері қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Өскемен қаласындағы негізгі орта мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл күй сыйлады.
1–4 сынып оқушылары үшін мектеп нағыз ертегі әлеміне айналды: жаңа жылдық кейіпкерлер қатысқан жарқын қойылым, костюмдер шеруі, әндер мен билер залды шаттық пен қуанышқа бөледі.
Мерекелік атмосфераны «Жас сақшы» кадет сыныбы мен №30 орта мектептің оқушылары жалғастырып, жаңа жылдық ән мен заманауи патриоттық би орындап, балалардың шынайы ризашылығына бөленді.
Балалар мен ата-аналарды Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов құттықтады:
«Жаңа жыл — үміт пен ізгі тілектерге толы ерекше уақыт. Отбасыларыңызда әрдайым жылулық, қолдау мен жарқын болашаққа деген сенім болсын. Әрбір балаға бақытты балалық шақ тілейміз және қажет кезде әрдайым жанынан табыламыз», — деп атап өтті ол.
Кездесу соңында барлық тәрбиеленушілерге қамқорлық пен құттықтаудың белгісі ретінде жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Қамқорлықтағы мектеп-интернатты қолдау ШҚО полиция қызметкерлері үшін тоғыз жылдан астам уақыт бойы қызметтің маңызды бөлігіне айналған. Әрбір осындай кездесу нағыз профилактика мен сенімнің адамгершілік қатынас пен игі істерден басталатынын дәлелдейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі