Балаларға арналған жаңажылдық ертегі: ШҚО полицейлері «Юбилейный» кинотеатрында мереке сыйлады

Балаларға арналған жаңажылдық ертегі: ШҚО полицейлері «Юбилейный» кинотеатрында мереке сыйлады

                                                                                        Балаларға арналған жаңажылдық ертегі: ШҚО полицейлері «Юбилейный» кинотеатрында мереке сыйлады

25 желтоқсан күні «Юбилейный» кинотеатры балалардың күлкісіне, әуен мен нағыз жаңажылдық ғажайыпқа толы атмосфераға бөленді. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ішкі істер органдары қызметкерлерінің балаларына, қамқорлыққа алынған бүлдіршіндерге және «Жас сақшы» кадет сыныптарының тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік шоу ұйымдастырды.

6-12 жас аралығындағы 500-ден астам бала жарқын ертегілік шытырман оқиғаның қатысушысы атанды. Кинотеатр фойесінде балаларды сүйікті кейіпкерлері, жаңажылдық әуендер мен интерактивті ойындар қарсы алып, алғашқы минуттардан-ақ мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бағдарламаның негізгі бөлігі үлкен кинозалда өтті. Жарық шоуы, сахналық эффектілер, конкурстар мен әзіл-қалжың, сондай-ақ Аяз ата мен Ақшақармен көптен күткен кездесу бұл күнді ерекше әрі есте қаларлықтай етті.

Балалар мен ата-аналарды келе жатқан Жаңа жылмен Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов құттықтады. Ол отбасыларға денсаулық, қуаныш пен бақ-береке, ал жас қонақтарға жарқын әсерлер мен көтеріңкі көңіл-күй тіледі.

«Құрметті ата-аналар мен балалар! Сіздерді ең сиқырлы мереке — Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жыл әр шаңыраққа қуаныш, мықты денсаулық, жақсы бағалар мен бақытты сәттер алып келсін», — деді ШҚО ПД бастығының орынбасары.

Мерекелік кеш өңірдегі ең үлкен экранда көрсетілген «Үш батыр» атты тақырыптық мультфильммен аяқталды.

Балалардың шынайы қуанышы мен жарқыраған көздері бұл іс-шараның жай ғана ресми кездесу емес, ШҚО Полиция департаменті үшін өскелең ұрпаққа деген қамқорлық пен қолдаудың игі дәстүрге айналғанының айқын дәлелі болды.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі