Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыратын жаңа тәсіл

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыратын жаңа тәсіл

                                                                                          Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыратын жаңа тәсіл

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Өскемен қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа жобаны жүзеге асырды. Бұл бастама жол апаттарын азайтуға және жол қозғалысының ең осал қатысушылары — жаяу жүргіншілерді қорғауға арналған.

Қарқынды көлік қозғалысы байқалатын учаскелердің бірінде заманауи талаптарға сай реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі жабдықталды.

Арнайы құрылғы жолдың өтетін бөлігі - ақ-сары жолаққа жарық түсіріп, жаяу жүргіншілер жақындағанда автоматты түрде қосылады. Бұл қараңғы түскен уақытта және қолайсыз ауа райы жағдайында өткелдің анық көрінуін қамтамасыз етеді.

Полиция әрбір жүргізуші жылдамдықты азайтып, жаяу жүргіншіге жол беруге міндетті екенін еске салады. Жаңа техникалық шешімдер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі, бірақ шешуші фактор - жол жүрісі қағидаларын сақтау болып қала бермек. Өзіңізге және айналаңыздағы жандарға қамқор болыңыз.


                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі