Қолайсыз ауа райында қауіпсіздікті күзету — полицияның басты міндеті

Қолайсыз ауа райында қауіпсіздікті күзету — полицияның басты міндеті

                                                                                         Қолайсыз ауа райында қауіпсіздікті күзету — полицияның басты міндеті

Шығыс Қазақстан облысында жол-климаттық жағдайдың нашарлауына байланысты жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданды.

Жауын-шашынның түсуі мен ауа температурасының төмендеуі салдарынан жол бетінде көктайғақ пайда болып, бұл жағдайды едәуір қиындатып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіп деңгейін арттырды.

Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, жолдарды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Патрульдік полиция экипаждары тәулік бойы кезекшілік атқарып, көлік ағынын бақылап, жол жүрісі қағидаларының сақталуын қадағалап, жедел әрекет етуде.

Жол қызметтерімен бірлесіп, полицейлер қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды үйлестіруде. Қауіпті учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылып, жол жабынының жай-күйі бақылауға алынады, қажет болған жағдайда күрделі жағдайға тап болған жүргізушілерге көмек көрсетіледі.

Барлығы 47 арнайы техника және 70-тен астам жол қызметінің қызметкері жұмылдырылып, көктайғаққа қарсы өңдеу мен жолдарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жалғасуда және полицияның тұрақты бақылауында.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі