ШҚО жолдарындағы бақылау аптасы: полиция мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзуды анықтады

ШҚО жолдарындағы бақылау аптасы: полиция мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзуды анықтады

                                                                                         ШҚО жолдарындағы бақылау аптасы: полиция мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзуды анықтады

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және апаттылықтың алдын алу мақсатында облыс аумағында ШҚО Полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері «Қауіпті жүргізуші» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.

Жеті күн ішінде полицейлер 1500-ден астам жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегін анықтады, оның ішінде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін өрескел фактілер де бар. Көлік құралын масаң күйде басқарған жүргізушілерді анықтауға ерекше ден қойылды. Рейд қорытындысы бойынша масаң күйде болған 30 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік құралдарының техникалық жай-күйін және олардың заңды пайдаланылуын бақылау аясында полицейлер 130 автокөлікті пайдаланудан шығарып, 59 техника арнайы тұрақтарға қойылды.

Жедел профилактикалық іс-шара 14 желтоқсанға дейін жалғасады.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтап, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі