ШҚО-да қысқы маусымның ашылуы полиция бақылауында өтті

ШҚО-да қысқы маусымның ашылуы полиция бақылауында өтті

                                                                                         ШҚО-да қысқы маусымның ашылуы полиция бақылауында өтті

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы «Алтай Альпісі» тау-шаңғы курортында қысқы маусымның салтанатты ашылуы өтті. Қонақтарды шаңғы алаңының дайын трассалары мен мерекелік атмосфера қарсы алды.

Іс-шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ШҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков қатысты. Жетекшілер курорт инфрақұрылымымен танысып, тау беткейлерінің жағдайын және қызмет көрсету сапасын бағалады. Департамент басшысы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адамдар көп келетін орындарға қауіпсіз демалыс жағдайларын жасау — ішкі істер органдарының басты басымдықтарының бірі болып табылады деп атап өтті.

Сондай-ақ, курорт алаңында полицейлер профилактикалық іс-шаралар өткізді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ата-аналар мен жастарға есірткі қолданудың қауіптілігі мен одан сақтанудың жолдары туралы ақпарат берді.

Бұдан бөлек арнайы ақпараттық аймақ киберқауіпсіздікке арналды. Қонақтарға интернет алаяқтарының кең таралған схемалары мен жеке деректерді қорғау жолдары туралы айтылып, нұсқаулық парақшалар таратылды. Киберполиция қызметкерлерінің айтуынша, демалыс кезінде де сақ болу маңызды.

Полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қызметтердің үйлесімді жұмысын қадағалады, бұл мерекенің тыныш өтуіне және әрбір қонақтың өздерін алаңсыз сезінуіне жағдай жасалынды.

Тәртіп сақшылары азаматтарға жолда да, базалар аумағында да қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет екенін, жүргізушілер жол жүрісі қағидаларын, ауа райы мен маршрут ерекшеліктерін ескеруді, ал курорт аумағында белгіленген ережелерді орындауы тиіс екенін ескертеді.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі