«Заң мен тәртіп – әр қызметкерден басталады»: ШҚО ПД-да гарнизондық жиын өтті

«Заң мен тәртіп – әр қызметкерден басталады»: ШҚО ПД-да гарнизондық жиын өтті

                                                                                       «Заң мен тәртіп – әр қызметкерден басталады»: ШҚО ПД-да гарнизондық жиын өтті

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің плацында жеке құрамның гарнизондық жиыны өткізілді. Шара барысында бөлімшелердің қызметке дайындығы тексеріліп, алдағы тәуліктегі басым міндеттер белгіленіп, жедел ақпараттар жеткізілді.

Жеке құрамға арналған сөзінде облыстың бас полицейі жұмыстың негізгі бағыты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын құрметтеу екенін атап өтті. Бұл міндеттерді орындау қатаң тәртіпті, жеке жауапкершілікті және заң талаптарын мүлтіксіз сақтауды қажет етеді:

«Біздің қызметке бейжайлық жат. Әр қызметкерден адалдықты, табандылық пен адамдарға мұқият қарауды талап етемін. Заң мен тәртіп – тек сөз емес, әр тәртіп сақшысы үшін күнделікті басты ұстаным болуы тиіс», – деді генерал-майор Е.Омарбеков.

Іс-шара барысында бірқатар басқарма бастықтарына арнайы атақтар табысталды. Бұл – олардың кәсібилігін, қызметке қосқан елеулі үлесін мойындаудың айғағы. Сонымен қатар, қызметте ерекшеленген полицейлер және олардың ата-аналары грамоталармен марапатталды. Бұл марапат – әрбір абыройлы қызметкердің жетістігіне үлес қосқан отбасының еңбегі мен қолдауына көрсетілген құрметті нақты көрінісі.

Қойылған міндеттер жеткізіліп, бөлімшелердің қызметке дайындығы тексерілгеннен кейін гарнизондық жиын салтанатты шерумен аяқталды. Бұл – тәртіп сақшыларының бірлігі мен рухын айқындаған маңызды сәт болды.



                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі