«Сіз жалғыз емессіз»: Өскеменде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жылы қолдау акциясы өтті

«Сіз жалғыз емессіз»: Өскеменде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жылы қолдау акциясы өтті

                                                                                    «Сіз жалғыз емессіз»: Өскеменде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жылы қолдау акциясы өтті

Бүгін «АДК» сауда орталығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» атты халықаралық акциясы аясында ерекше маңызды және ізгілікке толы акция өтті.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің қызметкерлері қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар миссиямен қала тұрғындарымен кездесуге шықты: үнсіздік кедергілерін бұзу, күрделі мәселені шешуге көмектесу және әрбір адамға — зорлық-зомбылық қаупімен бетпе-бет жалғыз қалмауы керектігін батыл ескерту.

Сауда орталығының алаңында әрбір өтіп бара жатқан тұрғынға бірнеше минут аялдап, сұрақтарына жауап ала алатын ашық аймақ орналастырылды. Мамандар дабыл сигналдарын уақытылы қалай байқауға болатынын, көмекке қайда жүгіну керектігін және қандай қорғау шаралары бар екенін түсіндірді. Әңгіме еркін, сенімді атмосферада — ресми сөздерсіз өрбіді.

Келушілерге дағдарыс орталықтарының, сенім телефондарының және кез келген уақытта қолдау көрсетуге дайын қызметтердің байланыс ақпараттары бар буклеттер таратылды. Ақпарат қажетті жағдайда адамның қайда хабарласу керектігін және қайдан көмек ала алатынын нақты білуі үшін дайындалды.

Бұл іс-шараның ерекшелігі мұнда қиын сәттерді бастан кешіп жатқандарға бірнеше жылы сөздермен қысқа хабарламалар арқылы қолдау білдірді, ол карточкаларда: «Сен жалғыз емессің», «Өзің туралы ойла, өзіңе сен», «Сөйлеуден қорықпа» деген шынайы сөздер жазылды.

Бұл акцияның негізгі мақсаты - зорлық-зомбылық туралы айту, көмек сұрауға батылдық таныту, әрқайсымыз өз ортамызды қауіпсіз ету өзгеріссіз қалады.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі