Заң мен тәртіп – полиция қызметінің мызғымас ұстанымы

Заң мен тәртіп – полиция қызметінің мызғымас ұстанымы

                                                                                        Заң мен тәртіп – полиция қызметінің мызғымас ұстанымы

Өскемен қалалық полиция басқармасында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбековтың төрағалығымен жедел кеңес өтті.
Жиында заңдылықты сақтау, тәртіпті күшейту және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту мәселелеріне баса назар аударылды.

Кездесу барысында қызметті ұйымдастыруды жетілдіру және қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыру жөніндегі шаралар қарастырылды. Сондай-ақ азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту және күнделікті жұмыста заңдылық қағидаттарын қатаң ұстанудың маңыздылығы талқыланды.

Ерлан Омарбеков ішкі істер органдары жұмысының тиімділігі қызметкерлердің тәртібі мен кәсіби дайындығына тікелей байланысты екенін атап өтті:

«Біздің қызмет заңды қатаң сақтауды, жауапкершілікті және азаматтардың мүддесі үшін жұмыс істеуге әрдайым дайын болуды талап етеді. Заң мен тәртіп әр полицей үшін негізгі бағдар болуы тиіс», — деді ол.

Кеңес қорытындысы бойынша жоғары кәсібилік көрсеткен криминалдық полиция қызметкерлері грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар құқық қорғау қызметкерлеріне олардың еңбегі мен жетістіктерін ескере отырып, арнайы атақтары берілді.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі