ШҚО полицейлері Ұлы Отан соғысының ардагерін мерейтойымен құттықтады.

ШҚО полицейлері Ұлы Отан соғысының ардагерін мерейтойымен құттықтады.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Ренат Унарбеков және облыстық Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев бастаған ШҚО полиция қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Одинцов Гавриил Васильевичті 95 жылдығымен құттықтауға барды.

Полиция полковнигі Унарбеков Ренат Қанатұлы мерейтой иесін маңызды күнімен жылы лебізбен құттықтай келе оған денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр тіледі және ДП ШҚО ПД бастығы Сагата Мадиевтың атынан құттықтау парағы мен сыйлықтар табыстады.

Өзінің игі тілектерін ардагерлер Кеңесінің төрағасы Үдербаев Нұрлыбек Ғалиұлы да білдірді.

Өзінің салиқалы жасына қарамастан, Гавриил Васильевич әлі де белсенді, ширақ және ақ жарқын. Ол уақыт жетегінде өмір сүреді: күн сайын жаңалықтары қарап отырады, әрқашан іс-шаралардан хабардар. Интернет желісінің белсенді қолданушы. Сонымен қатар, карантин кезіндегі жеке оқшаулануды пайдалы өткізу үшін өзінің саяжайына жаһандық желіні қостырған.

Одинцов Гавриил Васильевич  Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті профессор. Ол Польша, Чехославакия, Германияны азат етуге қатысқан. Жеңіс күнін Прага қаласында қарсы алған.

Жауынгерлік еңбегі үшін "Ұлы Отан соғысы", "Қызыл жұлдыз" ордендерімен, "Германияны жеңгені үшін", "Ерлігі үшін" мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Соғыстан кейін Гавриил Васильевич туған жері Өскеменге оралып, педагогикалық институтын бітіріп, біраз жыл Октябрь кентінде мектеп директоры болып жұмыс істеді. 

Аспирантураны бітіріп, 25 жыл Өскемен пединститутында доцент болып жұмыс атқарды. Ішкі істер органдарында хатшы болып жұмыс істеді. 2000 жылы оған полковник атағы берілді.

Соғыстан кейін ол өз өмірін ғылымға және кітап жазуға арнады.

Оның кітаптары-тарих беттері, ерекшелігі-түпнұсқалық көрсеткіштерінің бар болуы.

Гавриил Одинцов бірнеше кітаптардың авторы. Ол «История Казахстана, XX век» (2007 жылы шығарылған), «Культура Казахстана», «Казахстанцы в годы Великой Отечественной войны» кітаптарын және тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев туралы жинағын шығарды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі