Қорғаныс және қауіпсіздік ережелері: полицейлер блогермен бірлесіп танымды сабақ өткізді

Қорғаныс және қауіпсіздік ережелері: полицейлер блогермен бірлесіп танымды сабақ өткізді

                                                                                         Қорғаныс және қауіпсіздік ережелері: полицейлер блогермен бірлесіп танымды сабақ өткізді

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында ШҚО ПД Зайсан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті кәсіпкер әрі блогер Назгүл Жеңісбекқызымен бірлесіп Ю. Гагарин атындағы орта мектептің «Жас сақшы» кадет сыныбы оқушыларына қауіпсіздік бойынша танымдық сабақ өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру болды.

Сабақ барысында тәртіп сақшылары блогермен бірге оқушыларға жол ережелерін, есірткі қылмысына қарсы профилактиканы, интернеттегі қауіпсіздікті, сондай-ақ буллинг пен зорлық-зомбылықты болдырмау шараларын түсіндірді. Назгүл Жеңісбекқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, зиянды әдеттерден қалай аулақ болуға болатынын нақты кеңестермен түсіндірді.

«Өздеріңізді қорғауды үйреніңіздер, ережелерді сақтаңыздар және өз құқықтарыңызды біліңіздер. Қауіпсіздік әрқашан бірінші орында болуы тиіс», — деп атап өтті ол.

Оқушылар пікірталасқа белсенді түрде қатысып, өз ойларымен бөлісіп және күнделікті өмірде қауіпсіздікті сақтауға арналған пайдалы ұсыныстар алды.

Мектептерде қауіпсіздік сабақтары тұрақты түрде өткізіліп, жастардың құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыруға, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамытуға үлес қосады.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі