Жаңа ережелер: Қазақстан және Армения азаматтарына 90 күн визасыз тұру рұқсаты
22 қарашадан бастап Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы азаматтардың сапары және тұру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң күшіне енеді.
Құжат келесі нормаларды бекітеді:
•Қазақстан азаматтары Армения аумағында, ал Армения азаматтары Қазақстан аумағында 180 күн ішінде нақты 90 күнге дейін бола алады.
•Арменияға кіру үшін Қазақстан азаматтарына жеке куәлік пайдалану рұқсат етілген, ал Армения азаматтарына Қазақстанға кіру үшін ID-карта жарамды.
•Екі елдің азаматтары үшін виза режимі толық жойылды.
•90 күннен ұзақ тұру кезінде келген сапар мақсатына қарамастан Армения азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алу міндетті.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті еске салады: Қазақстан азаматтары Арменияда және Армения азаматтары Қазақстанда 90 күннен ұзақ рұқсатсыз тұрса, бұл заң бұзушылыққа жатады.
Ұзақ мерзімді сапарларды жоспарлағанда қажетті құжаттарды алдын ала рәсімдеп, осылайша айыппұлдар мен басқа да қиындықтардың алдын алуға болады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі