ШҚО ПД бастығы С.К. Мадиевтің ресми хабарламасы.

ШҚО ПД бастығы С.К. Мадиевтің ресми хабарламасы.

Құрметті азаматтар!

Мен қазір Үржар ауданының Мақаншы ауылындамын. ҚР Ішкі істерминистрінің тапсырмасы бойынша орын алған жағдайды анықтап тексеру үшін арнайы келдім.

Мақаншы ауылының полиция бөлімшесінде 33 жастағы ер адамның қайтыс болғанын растаймын, ол мал ұрлығы бойынша күдікті ретінде полиция бөлімшесіне жеткізілген болатын.

Менің басқаруыммен арнайы топ құрылды.

Осы факті бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасы «Қинау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Процессуалдық прокурорлардың тобы тағайындалды.

Жақын туыстарының қатысуымен оқиға орнына қарау жүргізілді.

Қажетті сараптамалар, оның ішінде паталогоанатомиялық зерттеулер өткізілді, әзірге сараптама нәтижелері дайын емес.

Қайтыс болған азаматтың отбасына Үрджар ауданың әкімімен бірге барып, оның туыстары мен достарының уәждерін тыңдадым, оның барлығы қаралуда.

Мен жақын туыстары мен достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.

Кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылады.

Менің принциптік ұстанымым – тергеудің әділ, әрі объективті жүргізілуі.