Осинов асуында және бірқатар облыстық жолдарда тіркемесі бар көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы 2025–2026 жылдардағы қыс мезгілі кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар тасжолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлайды.
Республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары» тасжолының 46–66 шақырымындағы (Осинов асуы) учаскеде, сондай-ақ облыстық маңызы бар келесі жолдарда:
•«Өскемен – Тарғын – Самарское» (62–145 км),
•«Өскемен – Таулы Үлбі – Северное» (18–60 км),
•«Теректі – Урунхайка – Тосқайын» (7–57 км)
3.7 «Тіркемесі бар көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады» деген жол белгілері орнатылды.
Осыған байланысты аталған учаскелерде тіркемелері мен жартылай тіркемелері бар көлік құралдарының, сондай-ақ механикалық көлік құралдарын сүйреу қозғалысына тыйым салынады.
Жүргізушілерге қозғалыс бағытын жоспарлау кезінде енгізілген шектеулерді ескеріп, орнатылған жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауға кеңес беріледі.
Қала сыртындағы тасжолдардың жағдайы мен жүру мүмкіндігі туралы тәулік бойы мына телефондар арқылы ақпарат алуға болады:
•77-70-81, 77-60-05 — ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының кезекші бөлімі;
•26-28-08, 24-08-98, 8-777-535-89-08 — «ҚАЖ Сервис» ЖШС диспетчері;
•57-42-52, 8-705-798-05-99 — «ОблШығысЖол» ЖШС диспетчері.
ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы жүргізушілерге жол белгілері мен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады — бұл жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.
ШҚО ПД баспасөз қызметі