ШҚО полицейлері студенттерге есірткі зияны мен дұрыс өмір таңдауы жайлы түсіндірді

ШҚО полицейлері студенттерге есірткі зияны мен дұрыс өмір таңдауы жайлы түсіндірді

                                                                                         ШҚО полицейлері студенттерге есірткі зияны мен дұрыс өмір таңдауы жайлы түсіндірді

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығы және Психикалық денсаулық орталығының мамандарымен бірлесіп, ҚАЕУ Жоғары колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты — есірткіні қолданудың және таратудың адам денсаулығына теріс нәтиже әкелетінін көрсету, сондай-ақ жастарды денсаулық пен жеке дамуды таңдауға саналы шешім қабылдауға ынталандыру.

Полиция майоры Сағатбек Малтүгелов өңірдегі есірткі айналымының қазіргі жағдайы туралы айтып, заңнамаға сәйкес көзделген жауапкершілік туралы еске салды. Ол құқықтық сана және белсенді азаматтық ұстаным «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Нарколог дәрігерлер Кристина Шишикова және Галина Мурзабаева тәуелділіктің қалай біртіндеп қалыптасатынын, оның адамның физикалық және психикалық жағдайына қалай әсер ететінін түсіндіріп, тіпті әлеуметтік қысым жағдайында да «жоқ» деп айтудың маңыздылығын жеткізді.

Осындай кездесулер жасөспірімдер мен студенттерге мәселені кеңінен қарауға, әрбір таңдаудың себебі бар екенін түсінуге және болашақ жеке басыңа жауапкершілік алудан басталатынын ұғынуға көмектеседі.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі