
ШҚО-ДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.
Іс-шара қаланың ең ірі сауда үйлерінің бірінде ұйымдастырылып, облыс орталығының көптеген тұрғындары мен қонақтарын жинады. Полицейлер азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетіп, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп, құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау мәселелері бойынша кеңес берді, сондай-ақ өтініштері мен шағымдарын қабылдады.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізіп, интернет-алаяқтар жиі қолданатын алдау тәсілдері туралы айтып берді. Қала тұрғындарына онлайн-сатып алу кезінде сақ болуға, күмәнді қоңырауларға сенбеуге және жеке деректерін бөтен адамдарға бермеуге кеңес берілді.
Іс-шара барысында салауатты өмір салты тақырыбына да ерекше назар аударылды. Құқық қорғау органдарының өкілдері есірткі және өзге де психоактивті заттарды қолданудың зиянын атап өтіп, «жеңіл табыс» саналатын заңсыз әрекеттердің бостандықтан айырылуға және өмірді бұзуға әкелетінін түсіндірді.
Полицейлердің айтуынша, мұндай кездесулер қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Айта кету керек, «Халық заңгері» акциясы бір мезгілде Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарында өтті.
                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі