ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ШҚО ПД-ДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ШҚО ПД-ДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

                                                                                          ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ШҚО ПД-ДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Тергеу және Анықтау басқармаларының басшылығы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық-құқықтық сүйемелдеу және арнайы есепке алу департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, оқу-семинар жиналысын өткізді.

Іс-шара «Өтініштерді есепке алу журналы» функционалын енгізуге арналды. Аталған жүйе сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) түзетулер мен жою туралы өтініштерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Семинар барысында қатысушыларға жүйеде жұмыс істеудің практикалық мысалдары көрсетіліп, өтініштерді тіркеу мен қарау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Заңдылықты, ашықтықты және іс жүргізу әрекеттерінің уақытылы сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар қорытындысында қатысушылар жаңартылған құралдың қолайлылығы мен тиімділігін атап өтіп, алған білімдерін күнделікті қызметте заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қолдануға дайын екендіктерін білдірді.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі