
«Жас сақшы» сыныптарының оқушылары «Капитан Байтасов» атты батыр полиция қызметкері туралы фильмді тамашалады
«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан батыр полиция қызметкері туралы баяндайтын «Капитан Байтасов» көркем фильмін үлкен экраннан тамашалады.
Көрсетілім Өскемен қаласы және Алтай ауданы Серебрянск қаласындағы №4 орта мектебінің кадеттері үшін ұйымдастырылды.
Шынайы оқиға негізінде түсірілген фильм балаларға полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі, оның антына адалдығы және жанқиярлығы туралы әсерлі түрде баяндап берді. Картина көрермендерге керемет әсер қалдырды: көптеген оқушылар эмоцияларын іште сақтай алмай, кейбір кадеттер тіпті көзіне жас алды.
Жас сақшылар Ғ.Байтасовтың өмір жолын отансүйгіштіктің, ар-намыс пен қызметіне адалдықтың айқын үлгісі деп атап өтті. Бұл фильм оларды халыққа қызмет етуге, заң мен тәртіпті қорғауға, ішкі істер органдарының ең үздік дәстүрін жалғастыруға шабыттандырды.
                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі