Бір нөмірмен жүрген екі «Альфард»: өскемендік полицейлер ерекше құқықбұзушылықты анықтады

Бір нөмірмен жүрген екі «Альфард»: өскемендік полицейлер ерекше құқықбұзушылықты анықтады

                                                                                          Бір нөмірмен жүрген екі «Альфард»: өскемендік полицейлер ерекше құқықбұзушылықты анықтады

Өскемен қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері бір мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген екі Toyota Alphard автокөлігін анықтаған.

Бірінші көлікті 29 қыркүйек күні тоқтатқан. Сол кезде тәртіп сақшылары жүргізушінің жүргізуші куәлігінің және сақтандыру полисінің жоқ екенін анықтап, автокөлік арнайы тұраққа қойылған болатын.

21 қазан күні «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында дәл сол мемлекеттік нөмірмен жүрген тағы бір Toyota Alphard полицейлердің назарына түскен.

Тексеру кезінде бұл көліктің кузовының сәйкестендіру нөмірі (VIN) көрсетілген мемлекеттік нөмірге сәйкес келмейтіні анықталды. Көлік жалған тіркеу нөмірлерін пайдаланғаны үшін арнайы тұраққа қойылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, полицейлер құқық бұзушылықтың мән-жайын және екі көліктің иелерінің арасындағы байланысты анықтауда.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі