Шығыс Қазақстан облысының жас полицейлері ант қабылдады
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті. 26 жас полицей үшін бұл күн ерекше болды — олар Қазақстан халқына және Отанға адал қызмет етуге ант берді.
Жас тәртіп сақшыларын қолдау үшін олардың ата-аналары, тәлімгерлері және ішкі істер органдары ардагерлері келді. Туған-туыстары үшін бұл оқиға маңызды сәтке айналды — өйткені осы күннен бастап олардың балалары ресми түрде батылдықты, жауапкершілікті және ісіне адалдықты талап ететін қызмет жолына қадам басты.
Полиция департаментінің орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов бұл күннің әрбір қатысушы үшін мәнді екенін атап өтті:
•«Бүгіннен бастап сіздер заң мен тәртіптің қорғаушылары атандыңыздар. Ант қабылдай отырып, сіздер қоғамға қызмет етуге және халықтың сенімін арттыруға жауапкершілік аласыздар. Қызметтеріңіз адал, әділ және лайықты болсын. Сіздердің жұмыстарыңызға байланысты азаматтардың қауіпсіздігі мен әр үйдегі тыныштық қамтамасыз етіледі».
Жас қызметкер Дарибаев Аманкелді өз әсерімен бөлісті:
«Бізге үлкен жауапкершілік жүктелгенін түсінеміз және біз сол сенімге лайықты болып, полицей атағын абыроймен алып жүруге дайынбыз».
Жас полицейлер үшін бұл күн кәсіби жолдың бастамасын, сынақтарға толы болатынын, сонымен қатар таңдаған мамандығына құрмет пен мақтаныш сезімін білдіреді. Енді олардың алдында азаматтардың тыныштығын қорғау деген маңызды миссия тұр.
ШҚО ПД баспасөз қызметі