
Шығыс Қазақстанда полицейлер табиғатты қорғауды күшейтуде
20 қазаннан бастап Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды. Оның мақсаты — жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауды күшейту, заңсыз аңшылық, балық аулау және ағаш дайындау фактілерінің алдын алу және жолын кесу.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері табиғатты қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп рейдтер жүргізіп, заңсыз аңшылықпен айналысатын аумақтар мен су айдындарын патрульдейтін болады, көлік құралдарын тексеріп, сондай-ақ жануарлар өнімдерін қабылдау және сату орындарын бақылауға алады.
Ерекше назар браконьерлікпен күреске, заңсыз қару сақтау және пайдалану фактілерін анықтауға, сондай-ақ табиғатқа және пайдалы қазбаларды қолдану саласында шығын болдырмауға аударылады.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті азаматтарды табиғатқа құрметпен қарауға шақырады және браконьерлік фактілері туралы дереу 102 нөміріне немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарласуға кеңес береді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі