ШҚО полицейлері ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда абай болуға шақырады

ШҚО полицейлері ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда абай болуға шақырады

                                                                                         ШҚО полицейлері ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда абай болуға шақырады

Өңірде қайтадан қолайсыз ауа-райы орнады: ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын мен көктайғақ байқалуда. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын ерекше сақ болуға шақырады.

Көлік жүргізушілеріне автокөліктерін күзгі-қысқы маусымға алдын ала дайындау қажет: шиналарының жағдайын, тежеу жүйесін және жарық беру құрылғыларын тексеру ұсынылады. Жаңбыр, қар және көктайғақ кезінде қозғалыс жылдамдығын қатаң сақтау, аяқ асты маневр жасамау және қауіпсіз қашықтықты ұстану маңызды.

— Жол бетінде мұздың алғашқы белгілері пайда болған кезде тежеу қашықтығы едәуір артады. Сондықтан жүргізушілерге ауа райына сай жүргізу мәнерін алдын ала бейімдеу қажет, — деп атап өтті полицейлер.

Жаяу жүргіншілерге де барынша сақ болу қажет. Жолды тек арнайы жаяу жүргіншілер өтпелі арқылы өтіп, қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізу және қараңғы уақытта жарық қайтарғыш элементтер тағу ұсынылады.

Есіңізде болсын, жолдағы қауіпсіздік — әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі