Тәртіп сақшыларының тарихы – жас ұрпаққа өнеге
Бүгін Өскемен қаласындағы №19 Қосымша білім беру мектебі-орталығының А.К. Нұрбаев атындағы «Жас сақшы» 7-сынып кадеттері Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің тарихи мұражайында болып қайтты.
Оқушылар үшін бұл экскурсия нағыз өткенге саяхат болды: олар өңір полициясының қалыптасу және даму тарихымен танысып, алғашқы тәртіп сақшыларының қызметі туралы біліп, ардагерлердің сирек кездесетін экспонаттары мен жеке заттарын тамашалады.
Мұражай меңгерушісі кадеттерге полиция қызметінің қиын да құрметті күнделікті еңбегі, ерлік пен адалдық туралы әңгімелеп берді. Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың полиция қызметіне деген қызығушылығын арттырып, құқық қорғау органдарында қызмет етудің маңызын тереңірек түсінуге ықпал етеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі