Полицейлер ШҚО жолдарында жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Полицейлер ШҚО жолдарында жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Жүргізушілердің жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп кету мәселесіне көңіл бөлу мақсатында, патрульдік полиция қызметкерлері ШҚО облыс аумағында  жүргізушілер және жол қозғалысының басқа да қатысушылары арасында түсіндіру  акциясын ұйымдастырды.

Сонымен қатар, әрбір жол қозғалысы қатысушысына тәртіп сақшылары "Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша түсініктеме беретін буклеттер таратты, онда осы тақырып бойынша ақпарат және жол-көлік оқиғасына жол бермеу бойынша ұсынымдар көрсетілген. Барлық жүргізушілерге полицейлер ШҚО жолдарындағы  жағдайы туралы статистиканы жеткізді.

Жүргізушілерге зардап шеккендерге көмек көрсетуге байланысты ЖКО орын алған жерден кеткен адам әкімшілік (ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы) немесе қылмыстық (ҚР ҚК-нің 347-бабы) жауапкершіліктен босатылатыны туралы қосымша түсініктеме берілді.

Ағымдағы жылдың басынан Шығыс Қазақстан облысы аумағында 13 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Онда жүргізушілер әртүрлі дәрежеде денсаулыққа зиян келтіріп,  жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Сонымен, ағымдағы жылдың қазан айында Өскемен қаласы Полиция басқарамасының "102" жедел арнасына 48 жастағы әйел адам Меновное ауылында аялдама жанындағы жаяу жүргіншілер өтпесінде белгісіз көлік құралы оның 58 жастағы туысын қағып, ЖКО болған жерден кетіп қалғаны туралы хабарлаған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабына сәйкес әкімшілік өндіріс қозғалған (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге алып келген бұзушылығы).

-Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру тобының қызметкерлері  маркасы "VolkswagenPassat" көлік құралын "ізін суытпай" анықтады. Автокөліктің иесі 63 жастағы Семей қаласының тұрғыны болып шықты, -деді  ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Жүргізушілердің оқиға орнынан кетіп қалу себептерінің бірі олардың оның салдарын, яғни  ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа (жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) немесе ҚР ҚК-нің 347-бабы (жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын білмеулері болып табылады.

ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жолдарда  тәртіпті болуға және жауапкершілікке шақырады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі