Шығыс Қазақстанда полиция қызметкерлері автомобиль жолдарын күзгі тексеруден өткізуді жалғастыруда

Шығыс Қазақстанда полиция қызметкерлері автомобиль жолдарын күзгі тексеруден өткізуді жалғастыруда

                                                                                           Шығыс Қазақстанда полиция қызметкерлері автомобиль жолдарын күзгі тексеруден өткізуді жалғастыруда

ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен «Жол активтерінің сапасы орталығы» өкілдерімен бірлесіп, өңірдегі жол желісінің жағдайына жоспарлы күзгі тексеру жүргізуде.

Іс-шара барысында жол белгілері мен жол таңбаларының жарық қайтарғыш қасиеті, қоршаулардағы жарық шағылыстырғыш катафоттардың болуы және жарамдылығы, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жол қозғалысын реттеу техникалық құралдарының дұрыс орнатылуы тексерілуде.

Бүгінгі күнге дейін жол белгілерінің көрінуіне және жол жамылғысының сапасына әсер ететін 120-дан астам ақау анықталды. Сонымен қатар, жол иелеріне 80-ге жуық нұсқама беріліп, жол ұйымдарының 8 басшысы жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер 40-тан астам апаттық-қауіпті учаскені жою бойынша ұсыныстар дайындап, жол ұйымдарының инженерлік-техникалық құрамымен полицияның қызметтік бөлімшелерінің өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтады.

Құқық қорғау органдарының атап өтуінше, бұл іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі