ШҚО Полиция департаментінің Ақпараттандыру және байланыс басқармасы кәсіби мерекесін атап өтті
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Ақпараттандыру және байланыс басқармасы кәсіби мерекесін атап өтті. Бұған дейін Ақпараттық-талдау орталығы болса, бүгінде полиция қызметін заманауи ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етіп, ішкі істер органдарының тиімді қызмет атқаруына үлес қосып келеді.
Атаулы күнге орай Департамент мұражайында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Іс-шараға қызмет ардагерлері мен басқарма қызметкерлері қатысты. Жиын барысында бірқатар қызметкерлер адал еңбегі үшін марапатталып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.
Құттықтау сөз сөйлеген ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Эльдар Карсакбаев басқарманың атқарып отырған жұмысының маңыздылығын атап өтті:
– «Ақпараттандыру және байланыс басқармасының қызметі – полиция жұмысының тиімділігі мен жеделдігінің кепілі. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында басқару жүйесі жетілдіріліп, азаматтардың қауіпсіздігі артып, қоғамның сенімі нығая түсуде. Баршаңызға мықты денсаулық, табысты қызмет пен жаңа жетістіктер тілеймін», – деді ол.
Салтанатты жиынға Алматы қаласынан арнайы келген қызмет ардагері Тюлежанова Динара Балтабайқызы қатысып, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі