Өскеменде «үй зертханасында» заңсыз қарасора өсіру фактісінің жолы кесілді

Өскеменде «үй зертханасында» заңсыз қарасора өсіру фактісінің жолы кесілді

                                                                                            Өскеменде «үй зертханасында» заңсыз қарасора өсіру фактісінің жолы кесілді

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен полицейлер «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында үй жағдайында есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.

Тінту барысында 58 жастағы өскемендік азаматтың үйінен жарықтандыру мен желдету жүйесі орнатылған «гроубокс», сондай-ақ ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдіктері бар ыдыстар табылды. Сараптама олардың құрамында психоактивті компонент – дельта-9-тетрагидроканнабинолы бар қарасора екенін анықтады. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 570,55 граммды құрады.

Күдікті тұқымды интернет арқылы сатып алып, жеке мақсатта тұтыну үшін өсіргенін түсіндірді.

Аталған факті бойынша «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

ШҚО Полиция департаменті ескертеді: есірткілік өсімдіктерді өсіру мен сақтау – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай әрекет үшін сату немесе жеке мақсатта пайдалану болса да, жауап беру қажет болады.

Полиция азаматтарды заңға қайшы әрекеттерден бас тартып, нашақорлыққа қарсы күреске үлес қосуға шақырады.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі